Сарыағашта жол құрылысы жоспарға сай жүргізілуде

Бүгінгі таңда Жаңаталап елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 0,99 шақырымды құрайтын Наркөшкен және Серуен көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Жаңаталап елді мекенінің тұрғындары көптен бері кездесулерде жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде аудан әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтырдан бері аталған елді мекеннің барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.

Бүгінгі таңда Жаңаталап елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 0,99 шақырымды құрайтын Наркөшкен және Серуен көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар биыл аталған елді мекенде жалпы 10 көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құркелес ауылдық округінің әкімі Қ.Иматов және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиь жолдары бөлімінің басшысы А.Жапбаров асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап, мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды. Айта кетейік, Құркелес ауылдық округі бойынша биыл жергілікті бюджет есебінен жалпы 27 көшенің 26,8 шақырымына асфальт және шағал төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Ntime.kz