Сарыағаштық шаруа түйеқұс өсіріп пайдаға кенеліп отыр

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округі, Құлтума елді мекенінің тұрғыны Алтынбек Өтешов жартылай шөлді климатта өмір сүретін түйеқұс өсірумен айналысады. Зейнеткер түйеқұстарды 1 жыл бұрын Шымкент қаласындағы «Қарабұлақ» базарынан сатып алған. Бағасы 85 мың теңге тұратын түйеқұстар күніне 15 келіге дейін жем жейді. Қазіргі таңда шаруа 7 бас түйеқұс өсіріп отыр. Алдағы уақытта 200 басқа көбейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, түйеқұстың пайдасы орасан. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы әсіресе еті нарықта үлкен сұранысқа ие. Өйткені, етінің құрамында май мен холостерин аз. Бойы 2 метрге жететін түйеқұс 100-150 келіге дейін ет береді. Бұдан бөлек, бір маусымда салмағы 3-3,5 келілік 120 дана жұмыртқа береді. Түйеқұстар табиғи жем шөбі, күтімі жақсы болса 80-100 жыл өмір сүреді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі