Сарыағашта аналар кеңесінің тоқсандық отырысы өтті

Бүгін Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлер үйінің» мәжіліс залында Сарыағаш аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің тоқсандық отырысы өтті.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» жобасының жүзеге асырылуы туралы Сарыағаш аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жамила Ермаханбетова баяндама жасады.

Құркелес ауылдық Аналар кеңесінің төрайымы Үрбибі Төлегенова «Мейірімділік — анадан, әдептілік — данадан» тақырыбында, «Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтармен сабақтастығы» тақырыбында №8 С.Айни атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ейзжанова Феруза баяндама жасады.

Отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер туралы ойларын бөлісіп, жастар тәрбиесін жақсарту туралы пікірлерімен бөлісті.