Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында үш ауысымды мектептердің мәселесін болдырмау мақсатында өткен жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын. Бұл құрылыс нысандары 2021 жылға өтпелі. Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл  екі  мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Одан бөлек, былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін ЖСҚ-ы әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін болады. Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 12 мектепке сметалық құжаттар дайындалған болса,  биыл қосымша  төрт мектепке сметалық құжаттар дайындау жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, осы жылы қосымша 4 мектептің  жылу жүйесі газга ауыстырылады.  Және тағы екі  мектептің ЖСҚ-ы әзірленетін болады.

Жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар. Оның 66-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бұдан басқа ауданда 220 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның 16-сы мемлекеттік балабақша, қалғаны жекеменшік. Мектепке дейінгі мекемелерде 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы толық шешілген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пять новых школ откроют в этом году в Сарыагашском районе

         В Сарыагашском районе Туркестанской области в целях исключения проблем трехсменных школ в прошлом году было начато строительство 5 школ. Строительство данных объектов перешло на текущий год. Если в прошлом году капитально отремонтировали здания двух школ, то в этом капитальный ремонт проведут еще в двух школах.

         Кроме того, разработаны ПСД для строительства 4 новых школ, также разработают документы для возведения 2 новых школ. В тоже время, подготовлена сметная документация для проведения капитального ремонта 12 школ. В этом году планируется подготовить сметную документацию для ремонта еще четырех школ. Наряду с этим, на природный газ переведут систему отопления 4-х школ, для двух школ разработают ПСД.

         В целом, по району функционируют 80 школ. Из них 66 расположены в типовом, 14-в приспособленном зданиях. Более того, в районе насчитывается 220 дошкольных учреждений. Из них 16 государственных детских садов, остальные частные. В дошкольных учреждениях воспитываются более 25 тыс. детей. В районе полностью решен вопрос охвата детей в возрасте от 3 до 6 лет детскими садами.

         Пресс-служба акима Туркестанской области