Сауран ауданының мәселелері талқыланды

Сауран ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Сауран ауданы «Сауран ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Сауран аудандық мәслихатының шешімі жобасын сараптамадан өткізу, ҚР экология және табиғи Ресурстар министірлігі экологиялық реттеу және бақылау комитеті «Түркістан облысы бойынша экология департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі «Стройсервис-ХХІ» ЖШС – нің 12.06.2023 жылғы қызмет туралы өтінішіне ұсыныстармен мен ескертулер үшін жолдаған хаты, ауылдық округтерінен келген арыздарды талқылау үшін кездесу өткізілді. Кездесуге Сауран аудан әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев, облыстық экология бөлімінен Құрал Нүрсейт, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова, Сауран аудандық ЖКХ басшысы С.Рысбеков, Жер қатынсатар бөлімінің басшысы Ш.Алиханов қатысты. Әр мәселелерге жеке-жеке тоқталып көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Нәтижесінде тарифтік жоспар бекітіліп келген арыздар тиісті мекемелерге жолдансын деп шешім шығарды.