Ситуациялық орталық қызметкерлері марапатталды

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы кездесіп, оларды «16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, орталықтың белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады. Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің бас бухгалтері Әзімхан Әсел Хасымханқызы, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің инспекторы Шолпанқұлова Ботагөз Бүркітқызы, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің инспекторы Қаражанова Сәния Бегімханқызы және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің инспекторы Мұстафа Жандос Мұратұлы, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-нің инспекторы Дүйсекова Айнел Қазыбекқызы марапатталды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі