Департамент пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының бастамасымен Созақ ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары Е. Джумабаев 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдағы негізгі өзгерістер бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Сондай-ақ, аталған заңдағы мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен кәсібилігін арттыруға бағытталған жаңа тәсілдердің енгізілгені айтылды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу барысында заңнаманы білу деңгейін бағалауға арналған тестілеу сұрақтарының да 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген жаңа Конституция мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңның талаптарына сәйкес жаңартылғаны туралы ақпарат берілді.
