Сот орындаушы “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды

Бүгін Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы Қали Көмекбаев зейнеткерлік жасқа толуына орай, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Балжан Алипбек құттықтау сөз сөйлеп, оның еңбек жолындағы жетістіктеріне тоқтала отырып, “Еңбек ардагері” медалін табыстады.

Құрметті Қали Салқынбекұлы, төсбелгіңіз құтты болсын!Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізге тілектестік білдіреміз.Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Түркістан облысының Әділет департаменті