Соңғы үш жылда бірде бір құқықбұзушылық тіркелмеген ауыл

Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абилханұлы

Түркістан облысы полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абилханұлы 2023 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру кездесуін өткізді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың полиция құрылымына нақты міндеттерді атап, бізге деген үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.Осыған орай Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің және Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрам алдында қойылған міндеттері мен тапсырмаларын орындау жолында бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізілді, — деп баяндамасын бастаған полиция полковнигі аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға жеке — жеке тоқталды.

Келес ауданы бойынша 2023 жылдың 12 айында жалпы тіркелген құқықбұзушылықтар саны -10,9 пайызға төмендегенін айта келіп, осы ахуалға сүйеніп тәртіп сақшылар тарапынан ауқымды шаралар атқарылып жатқандығын байқауға болады деді. Сонымен қатар Түркістан облысының ауыл ақсақалдарымен, белсенді азаматтардың бастауымен ауыл дүкендерінде алкоголь өнімін сатудан түбегейлі бас тартып, «Арақсыз ауыл» тәжірибесін қолға алынған болатын. Келес ауданы Мақташы ауылында соңғы 3 жылда ішімдік сатудың тыйылуына байланысты бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген. Бұл бүгінгі таңда тәртіп сақшыларның аудан халқымен етене араласып, жұмыс атқарып жатқандығының көрінісі.