Студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды

Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

2022 жылдың 02 қараша күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен студенттер арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Түркістан қалалық ІІБ ЖҚП-ның ЮП-ның учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Е.Өндірбай, полиция учаскелік инспекторы, аға лейтенанты Қ.Талас келді. Сонымен бірге, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев және колледждің оқытушылары мен студенттері де қатысты.

Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындар да және сауда-саттық орындарында да бейнебақылау камералары бар екендігін ескертіп, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.

Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Іс-шара соңында Түркістан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы бейнеролик көрсетілді.