Су басу қаупі төнген аймақтар бақылауда

Шымкентте жауған жауынның салдарынан бірнеше елді мекен көшелеріне су басу қаупі төнген. Су басу қаупі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар жұмыс атқаруда. Абай ауданының әкімі Б.Парманов жұмысшы топпен атқарылған жұмыстарды бақылап, тиісті шараларды жүзеге асыру мәселесін пысықтады. Аралау барысында 112 орамда орналасқан Шынар, Юнатов, Аққараған көшелерін жаңбыр суынан тазартылуын тексеріп, тұрғындармен кездесті. Қазіргі таңда аудан аумағындағы су басу қаупі бар 18 көшеде арнайы су тартатын техникалар жұмыс атқаруда. Ол жұмыстарға 14 техника, қосымша төтенше жағдайлар департаментінің 6 су сорғыш мотопомпасы мен 68 қызметкер жұмылдырылған. Онда көше бойларындағы ирригациялық жүйелермен арық атыздар тазартылып, су басудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімдігінің тікелей бақылауына алынып, арнайы кезекшілік ұйымдастырылған.Қала тұрғындары коммуналдық мәселе бойынша 53-03-20 телефон нөміріне немесе қалалық 109 бірыңғай байланыс телефондарына хабарласу арқылы өтініш бере алады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі