Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тәсілдері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен жиын өтті.
Іс-шараға қатысушылардың назарына 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен оның негізгі бағыттары, бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидалары жайында ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қатысушылар назарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарласуға қажеттігі жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті