Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Шымкентте қарқынды жүзеге асуда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарынлда  қарқынды.  Қоғамның жегі құртына айналған мәселені шешу мақсатында Шымкент қаласында мемлекеттік қызметтердің 97 пайызы- автоматтандырылған электронды жүйеге көшеді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында. Осыған орай көшелер мен қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау үшін 1 мың бейнекамера орнатылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның және қаланың қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысында осы саладағы атқарылған жұмыстар зерделенді.

         Сыбайластыққа тұсау салу үшін Шымкентте білім беру мекемелеріне жұмысқа тұру электронды бағдарлама арқылы жүргізілуде. Мұнан бөлек үй кезегіне жазылу, баспананы жекешендіру де автоматты жүйе арқылы атқарылады. Әлеуметтік қорғау саласындағы 33, жер қатынастарындағы 15 қызмет түрі электронды форматқа көшкен.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжановтың сөзіне сүйенсек, медицина, білім беру саласы, жер қатынастары, сонан соң әлеуметтік мәселелер, жергілікті бюджеттен берілген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуы, ол жерде де сыйбайластыққа байланысты жұмыстар бар. Жемқорлыққа қарсы күреске мегаполистегі қоғамдық кеңес мүшелері де қосылды. Олар биыл әкімдікке қарасты 6 басқарманың басшылары және қызметкерлерімен кездесіп, сыбайластықты болдырмау, оның себептері мен салдары туралы жиын өткізген.

         Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы Жанысбек Өтегеннің айтуынша, Антикор өздері анықтаған кемшіліктерді көрсетеді. Сол сала бойынша пәлен қылмыс болды. Оның себептері не, оны қалай болдырмау керек. Полицияның сервистік моделінің жұмысын қайта қарау, еңбек ұжымдарының ішіндегі алымдар, ақша жинау, бизнесті сыбайлас жемқорлықтан қорғау. Жиын соңында құзырлы орындарға осындай міндеттер жүктелді.

Ntime.kz