Тараздық полицейлер көлікпен дрифт жасаған жүргізушіні жауапкершілікке тартты

Төле би көшесінде орналасқан «Шахристан» тарихи-мәдени орталығының тұрағында «BMW»  көлігін басқарған  Тараз қаласының тұрғыны кезекті дрифт  ұйымдастырды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Өкінішке орай, қазіргі жастар Инстаграмдағы әдемі контент пен лайк үшін, сондай-ақ бір  сәттік  қызық  үшін кез келген тәуекелге баруға дайын.

Бірақ әдеттегідей, полиция қызметкерлері «жолдардағы заңсыздыққа»  жедел тосқауыл  қойды.  Тәртіп бұзушы   ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының  1-бөлігі бойынша (жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыстарын бүлдіру) жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ  оған қатысты  айыппұл салынды. 

Полиция қызметкерлері автокөлік иелерін Жол  қозғалысы ережелерін  бұзбауға шақырады.