Тағайындау

ҚР ІІМ Е.Саденовтың бұйрығымен, департамент басшысы Мұрат Қабденовтың ұсынысымен полиция майоры Бекарыс Талғатұлы Сұлтанов Түлкібас аудандық полиция бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Сапар таныстырып, алдағы атқарар қызметіне сәттілік тіледі.

Полиция майоры Бекарыс Сұлтанов бұған дейін ішкі істер саласында түрлі басшылық лауазымдарда абыройлы қызмет атқарып, Түркістан облысы ПД Ордабасы мен Түлкібас аудандарында басшылық қызметтерде болған.