Тағайындау

ҚР ІІМ келісімі бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің бұйрығымен Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция майоры Есімжан Үсенбекұлы Нәдіров тағайындалды.

Түркістан облысы ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков жаңа басшыны Мақтарал аудандық ПБ жеке құрамына таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Полиция майоры Есімжан Нәдіров ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Білімі жоғары, заңгер. 2011 жылы ҚР ІІМ Алматы Академиясын бітірген.

Қызметін Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі болып бастаған. Содан кейін Мақтаарал ауданы ІІБ тергеуші, аға тергеуші, анықтау бөлімшесінің бастығы, көші-қон полициясы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.

2019 жылдан бастап Жетісай ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

ТО ПД баспасөз қызметі