Тергеу мәселелері бойынша шұғыл жиналыс өткізді

Қала прокуроры Ж.Ахметбек Түркістан қалаcының полиция басқармасында басшылық құрамы және қызметкерлерінің қатысуымен тергеу мәселелері бойынша шұғыл жиналыс өткізді. Жиналысқа облыстық полиция департаментінің тергеу және анықтау басқармаларының бастықтары қатысты.

Баяндамашы – қала прокурорының орынбасары М.Қайролдаев қылмыстық істерді тергеу сапасы мен мерзімдеріне қатысты орын алған кемшіліктерді атап өтті.

Атап айтқанда, а.ж. 10 айда Басқарманың өндірісінде 938 қылмыстық іс болған, оның 506-сы аяқталып, 341 іс сотқа жолданған.

Қала прокуратурасы сотқа жолдау үшін түскен 9 қылмыстық істі елеулі кемшіліктерге байланысты қайта тергеуге қайтарған. Сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде Басқарма тергеушілері мен анықтаушылары жалпы 2487 процестік шешім қабылдаса, прокурорлар олардың 177 келісуден/бекітуден бас тартқан.

Басқарма бастығының тергеу жөніндегі орынбасары М.Сейдилдаев а.ж. атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, бірқатар өзекті проблемаларды шешу арқылы тергеу сапасын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.

Жиналыс қорытындысы бойынша қала прокуроры тергеу сапасы мен жеделдігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар беріп,

жас тергеушілер мен анықтаушылардың біліктілігін арттыру мақсатында оларға үнемі әдістемелік-практикалық көмек көрсетуді талап етті.