Түлкібаста бір ғасырдан астам тарихы бар туннель тазартылды

туннель тазартылды

Түлкібас ауданындағы темір жол түннелінің аумағы қоқыстан тазартылды. Атқарылған жұмыстар аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен жүзеге асты. Шара — аудандағы тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру және ажарландыру мақсатында қолға алынған. Игі шараға 20-дан астам адам қатысқан.

Темір жол туннелін қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхаметжан Тынышбайұлы салдырған. Бір ғасырдан астам тарихы бар туннель 1915-1916 жылдары аралығында салынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі