Түркістанда нанның орташа бағасы 116 теңге

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Түркістан облысында нанның орташа бағасы 199 теңге деп көрсетілген. Алайда Түркістан облысында нан бағасы көтерілмеген әрі тұрақты. Қазіргі таңда, өңірдегі орташа нан бағасы- 116 теңге. Мәселен, облыс орталығындағы 19 шілде күнгі баға бойынша нанның бағасы «Эко базарда» — 150 теңге, «Қуаныш» базарында 130 теңге, ал әлеуметтік дүкендер нан 70 теңгеден саудалануда.

Түркістан облысы тұрғындары «Түркістан» телеарнасының «Баға Түркістан» ресми сайты арқылы халық жиі тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын қарап, бақылай алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі