Түркістанда қоғамдық орындар бейнебақылауға алынады

Түркістан қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық орындарды жаппай бейнебақылаумен қамту жоспаранып отыр. Сондай-ақ, Түркістанда заңсыз қоқыс тастаушыларды анықтауға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасның баспасөз қызметі хабарлайды.

         Көп жағдайда камералар жазбасы құқық бұзушылықтың жалғыз дәлелі болып табылады. Бейнебақылау қылмыстың ізін суытпай ашуға, айғақтарды жинауға ғана емес, оның алдын алуға да көмектеседі. Қазір республика аумағында 625 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қолданыста, оның 100 мыңға жуығы Жедел басқару орталығына шығарылған.

         Түркістан облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары, Бас мемлекеттік экологиялық инспектор Нұрболат Нұржас, «Сергек» жобасының жетекшісі Макұлбек Сүндетбек, «Көркем Телеком» ЖШС Түркістан облысы бойынша директоры Абзал Саттаров, қалалық “Инфрақұрылым және коммуникацялар” бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрамбек Момбеков, инспекторы Мадияр Абдраев, Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Сәбит Бахтығалиев арасында кездесу ұйымдастырылып, заңсыз қоқыс тасталған аймақтар араланды.

Ntime.kz