Түркістанда The Spirit of Turkistan заманауи этникалық концерт өтті

Түркістан төрінде Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен The Spirit of Turkistan атты заманауи этникалық концерт өтті. Концерт Jibek Joly/Silk Way телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

«Керуен — сарай» кешенінің алыңында дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең көрнекті өкілдері өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Hassak (Қазақстан), DJ Puza (Қазақстан), Tengri (Қазақстан), Kerekes Band (Венгрия), Avesto (Тәжікстан), Beeble (Италия), Kolektif Istanbul (Түркия), Abbos (Өзбекстан) топтары көрермендерге бірегей туындыларын ұсынды.

Музыка мерекесінде Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары Шығыс базарының шынайы атмосферасын сезіне алады. Түрлі тағамдардан, тәттілерден, кептірілген жемістерден, кондитерлік өнімдерден дәм татып, қолөнер жәрмеңкесін тамашалайды және ұлттық ойындардан сайыстарға қатысты.

The Spirit of Turkistan – ауқымы кең ұлттық мәдени жоба мәртебесіне ие болған The Spirit of Tengri брендінің бірегей музыкалық жобасы.

The spirit of Turkistan – әлем халықтарының бірегей мәдениеттері арасындағы қалыптасқан мәдени байланыстар мен заманауи диалогқа негізделген жарқын музыкалық шоу.

Оның миссиясы — әртүрлі жастағы адамдарды, әр ұлттың өкілдерін және қызығушылығы ортақ жандарды музыка әлемінде біріктіру. Сонымен қатар әлемдік орындаушылардың ерекше туындыларын таныстыру.