Түркістандық криминалистер жас дарынға қолдау көрсетті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Менің әкем — криминалист» тақырыбында байқау өтуде. Аталмыш сайысқа Қазығұрт ауданы ПБ-нің криминалисі полиция аға лейтенанты Марат Құдайбергеновтің қызы Айболған Құдайбергенова қатысуда. Облыстың абыройын қорғаған өнерлі қыз, өзінің әкесін бейнелеген шығармасы мен суретін ұсынып, өз өлеңін арнады. Осындай дарынды балалардың талантын арттырып, қолдау көрсету мақсатында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының полицейлері Айболғанға арнайы алғыс хат пен «Smart» сағат сыйға тартты. Сөз соңында Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұржан Абдикаликов Айболғанға сәттілік тілеп, ата-анасының сенімін ақтайтын үлкен азаматша болатынына сенім білдірді.

ТО ПД баспасөз қызметі