Түркістандық спортшы кикбокстан әлем чемпионы атанды

Жуырда ғана Португалия мемлекетінің Албуфейра каласында ересектер арасында кикбокстан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 70 мемлекеттен барлығы 600-ге жуық спортшы қатысты. Олар кикбокстың төрт түрі бойынша сайысқа түсті. Атап айтқанда, толық байланыс, лоу-кик, К1 және кик-лайт түрлерінен.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 5 алтын, 5 күміс, 12 қола медаль жеңіп алды. Әлем біріншілігінде Түркістан облысы қазығұрттық Нұрдәулет Қалшора кикбокстың К1 түрі бойынша сынға түсіп, алтыннан алқа тақты. Нұрдәулет Азаматұлы осымен екінші рет әлем чемпионы атанып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі