Түркістандық шаруалар мемлекеттік қолдаумен техникаларын жаңартып жатыр

трактор

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында биыл шаруаларды «TRADE IN» бағдарламасы бойынша жаңа тракторлармен қамту жұмыстары басталды. Бағдарламаның ерекшелігі — шаруалар өздерінің ескі техникаларын тапсырып, олардың орнына жаңасын алуға мүмкіндік жасалған.

«ЫРЫС» МКҰ арқылы жылдық 6 пайызбен 5-7 жылға несиеге алумен қатар, алынған техникаға 30 пайыздық мемлекеттік субсидия беріледі. Өткізілген ескі техниканың құны мен берілетін 30 пайыздық субсидия – жаңа трактор бағасынан шегеріледі. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 13 жаңа тракторды лизингтік шарттармен алып үлгерген. Оның ішінде, «КазАгроФинанс» АО арқылы — 7 , «Комтранслизинг» ЖШС арқылы — 4, «Ырыс» МКҰ арқылы — 1, «GrandStroyKaz» ЖШС арқылы — 1 техника лизингке алынған.

Аталған бағдарлама бойынша шаруалар толық мәлімет алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: «Ырыс» МКҰ +7705-430-88-88, «KAZ KIOTI» ЖШС +7707-183-12-11.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі