Түркістаннан Стамбұлға тікелей ұшақ қатынайды

Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған әуежайдан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билеттер сатыла бастады деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Түркістан – Стамбұл – Түркістан» бағытындағы алғашқы ұшақ 2021 жылғы 21 наурызда көкке көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Бастапқыда Түркістан және Стамбұл қалалары арасындағы әуе қатынасы аптасына тұрақты түрде жұма, жексенбі күндері 2 реттік жиілікпен қойылып отыр. Кейін аптасына 7 рейске дейін ұлғайып, күн сайын ұшпақ. Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады.

Әуе қатынасы кезінде барлық тиісті санитарлық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталады. Ұшу кестелері «FlyArystan» әуе компаниясының ресми сайтында жарияланып тұрады.

Из Туркестана в Стамбул стартует прямой авиарейс

Сейчас производится продажа авиабилетов на первые международные рейсы из вновь открывшегося аэропорта города Туркестан передает Региональная служба коммуникаций Туркестанской области.

Первый самолет «Туркестан – Стамбул – Туркестан» планируется подняться в небо 21 марта 2021 года.

Первоначально авиасообщение между городами Туркестан и Стамбул будет устанавливаться регулярно по пятницам и воскресеньям, с периодичностью два раза в неделю. В дальнейшем будет увеличиваться до 7 рейсов в неделю, а авиарейсы будут уже ежедневно. Стоимость билета начинается от 39 999 тенге.

При воздушном сообщении строго соблюдаются все соответствующие санитарно-эпидемиологические требования. Расписание полетов публикуется на официальном сайте авиакомпании «FlyArystan».