Түркістаннан Қостанайға  72 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді               

Қостанай облысында төтенше жағдай орын алған сәттен Түркістан облыстық Жастар Ресурстық орталығының жанынан жедел штаб құрылып, барлық 17 аудан, қалық Жастар ресурстық орталықтарында гуманитарлық көмектер қабылдау басталған болатын. Нәтиженсінде Жастар ресурстық орталықтырының ұйымдастыруымен Қостанайдағы өртке байланысты 72 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Аталған шараға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, «AMANAT» партиясы Түркістан өңірлік филиалы, облыстық Қазақстан студенттер Альянсы белсенділері, «Jas Qadam» жастар ұйымы, «Jastar Ruhy» жастар қанатының жастары да атсалысты. Азық-түлік өнімдері, ауыз су, жеке гигиеналық заттар және төсек-орын жабдықтары Мақтаарал ауданы, Арыс және Түркістан қалаларында орналасқан қабылдау пункттерінде жиналған.
Алғашқы күннің өзінде қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті жомарт азаматтар ең қажетті және жолға жарамды заттармен қамтып үлгерді.
Бір тәуліктің ішінде Мақтаарал ауданы, Арыс және Түркістан қалаларынан жалпы 4 жүк көлік гуманитарлық көмек жиналып, Қостанайға жолға шықты.
Гуманитарлық көмекке бірқатар мекемелер де өзіндік үлесін қосты.
Атап айтқанда, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова бастаған қолдау тобы 400 дана көрпе-төсек жеткізді. Сондай-ақ 500 мұғалім 1 күндік жалақыларын «Biz birgemiz» қорына аударды.

Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу өңірдегі Жастар Ресурстық орталықтарының басшылары, «Жастар Рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының белсенділеріне жүктелді. Өңірдің 10 белсенді жасы апатты қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетеді.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі