Түркістанның ең үлкен кітапханасы ашылады

Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми — әмбебап кітапханасы есігін айқара ашуға дайын деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

400 орындық оқу залы бар, заманауи технологиялармен жабдықталған білім ошағында 250 мыңнан астам оқулық қоры жинақталып, үнемі жаңартылып тұрады. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты басшыларға құрылысты ширатуды тапсырды.

Өңір басшысы әуежай аумағындағы көгалдандыру барысымен танысты. 

Сонымен қатар Өмірзақ Шөкеев мәдени — рухани орталықтағы жаңа құрылыс алаңдарындағы абаттандыру барысын бақылап қайтты. Халықаралық әуежай аумағына 140 мың ағаш отырғызылады. Сонымен қатар, 400 гектар жерге 200 мың түп қара өрік егілуде. 

Түркістан қаласында жақын уақытта бірнеше саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылы мен Яссауи көшесінің бойында орналасқан «Желілік саябақ» пен  «Орталық саябақ», «Түркі бағы» бар. Сондай-ақ «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын. 

Шығыс үлгісінде салынып жатқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде болған облыс әкімі құрылыс барысымен танысты. Рухани-мәдени орталықта орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы  8 мың шаршы метрден асатын 125 баспана бой көтереді. 

Самую большую библиотеку откроют в Туркестане

Областная научно-универсальная библиотека в городе Туркестан готова к эксплуатации передает пресс — служба акима Туркестанской области

. Читальный зал на 400 мест оборудован современными информационными технологиями. Книжный фонд составит более чем 250 тыс. книг, и этот резерв постоянно обновляется. 

Аким области Умирзак Шукеев, посетив строительные площадки города, поручил ответственным руководителям ускорить темп строительных работ. 

Глава региона также ознакомился с ходом озеленения территории аэропорта. Здесь уже растут 140 тыс. саженцев различных деревьев. В настоящее время на 400 га высадили 200 тыс. саженцев сливы.

Кроме того, Умирзак Естаевич осмотрел ход благоустройства территорий новых объектов в культурно-духовном центре. 

Напомним, в Туркестане скоро введут в эксплуатацию несколько парков. В частности, это «Линейный парк», «Центральный парк» и «Тюркский сад», расположенные по проспекту Б. Саттарханова и на улице Яссауи. В то же время завершается благоустройство территории музея-заповедника «Хазрет Султан».

Наряду с этим, аким области ознакомился с ходом строительства жилого комплекса восточного типа «Keruen Sarai». В жилом комплексе, расположенном в духовно-культурном центре, возведут 125 квартир общей площадью более 8 тыс. кв. метров.