Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды

Сарыағаш АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Рүстем Райымбек өзінің бекітілген әкімшілік аумағында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында Жылға ауылында мас халде көлік басқарған тұрғынды ұстады. Нақтырақ айтсақ, учаскелік инспектор Рүстем ауыл көшелерінің бірінде жылдамдығы басым, «Hyundai avante» маркалы көлікті байқап, тоқтатады. Алайда жүргізуші бұл нұсқауға бағынбай, жылдамдықты одан әрі асырып, полицейлерден қаша жөнеледі. Ал инспектор дереу іске кірісіп қызметтік көлікпен оны куып жетіп, болуы мүмкін апатты жағдайдың алдын алды. Содан полицей жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, 2021 жылы Сарыағаш ауданы сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Сондай-ақ жүргізушінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық куәландырудан өткізіледі. Нәтижесінде тұрғынның мас халде көлік тізгіндегені анықталды.Қазіргі таңда күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеуге алынды. Бүгінде кінәлі деп танылған азамат қамауда.Құрметті көлік жүргізушілері! Жылдамдықты асырмаңыздар, ащы суды ішіп, рульге отырмаңыздар. Жолға шыққанда барлық құжаттарыңызды талапқа сай етіп алып жүріңіздер!

ТО ПД баспасөз қызметі