Түркістан облысында «Жасөспірім» іс-шарасы жалғасуда

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сарыағаш АПБ және Сарыағаш аудандық жастар орталығы бірлесіп, қызметтік автокөліктерімен рейдтік шара өткізді. Аудан көлемінде түнгі ойын-сауық орталықтарын, ойынханаларды тесеріп шықты. Жоспарға сәйкес аудан аумағында күнделікті түнгі уақытта тексеріс жұмыстарын жүргізіді. Түнгі рейдтік іс-шарасына полиция қызметкерлерімен қоса «Сәт» телеарнасы қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің мүшелері де қатысты. Сарыағаш ауданындағы «Жасөспірім» іс-шарасы барысында ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша -19, 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша -1 құқықбұзушлық анықталды. Сонымен қатар Сарыағаш АПБ ЖПҚ ЮПТ-да есепте тұратын 24 қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілді. Естеріңізге сала кетсек, «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы қазан айының 25-30 күндері аралығында өткізіледі.

ТО ПД баспасөз қызметі