Түркістан облысында мереке қарсаңында 60-қа жуық шенді ару марапатталды

Полиция департаментінің барлық басқарма, бөлімдерінде нәзік жанды арулар қызмет атқарады. Бұл қыз-келіншектер қызметтерінде қатал көрінгенімен, жүректерінде мейірімділік және нәзіктік тұнып тұр. Осынау айтулы мереке қарсаңында, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылып, Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, әріптес шенді аруларды құттықтады.​​​​​​​Облыстың бас полицейі М.Қабденов: «Бүгінгі таңда барлық салада әйелдер қауымы абыройлы еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Оның ішінде ішкі істер саласында ерлермен бірдей қызмет атқарып жүрген шенді аруларымыз бар. Сондықтан барша аналар мен қыз-келіншектердің, апа-әжелереміз бен қаракөз қарындастарымыздың мерекесі құтты болсын. Отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Сіздерді сұлулық пен әдеміліктің белгісі деп білеміз!»- деп атап өтті.

​​Одан әрі іс-шара полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің марапаттау рәсімімен жалғасты. Атап айтсақ, Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты және өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция майоры Эльвира Битөреева марапатталса, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі полиция майоры Ақерке Шалхароваға табысталды. Сонымен қатар І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция подполковнигі Айгүл Құдайбергенова, полиция майоры Жанна Мырзабекова, полиция майоры Айжан Манапова, полиция майоры Эльмира Есенқұлова, полиция капитаны Айдана Наханшақызы марапатталды. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Грамотасымен полиция майоры Бибігүл Төреханова, қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Гүлназира Жолтаева, ал генералдың «Алғыс хаты» полиция майоры Динара Сейдалиева, полиция майоры Феруза Рахметоваға табыс етілді. Осы бұйрықпен 2 қызметкерге Алғыс жарияланды.​​​​​​Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасына полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қатира Урисбаева, ПД-нің баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова, полиция капитаны Ақнұр Бекбутаева, полиция капитаны Сұлушаш Көшімбетова ие болды.​​​​​​​Түркістан облысы Полиция департаментінің Алғыс хатымен полиция подполковнигі Жанат Орманова, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева, полиция майоры Жамила Мыңжанова, полиция капитаны Жұлдыз Журабаева марапатталып, дәл осындай бұйрықпен 40 қызметкерге Алғыс жарияланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі