Түркістан облысында нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 3500-ге жуық құқықбұзушылық анықталды

Мақтаарал ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға бағытталған түрлі іс-шараларды жүзеге асырды. Ағымдағы жылдың 9-айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 3359 құқықбұзушылық анықталды. Ал өткен жылы 2601 анықталған. Атап айтқанда, ӘҚБтК 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» — 154, 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» бойынша — 7, 133-бабымен «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» — 3, 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша — 14, 204-бабымен «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» — 310, 408-бабым «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы» бойынша — 1052 құқықбұзушылық, 434-2-бабы «Ортақ пайдаланатын орындарды ластау» бойынша — 556 құқықбұзушылық анықталған. Сонымен қатар 437-бабымен «Тыныштықты бұзу» — 49, 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша — 333, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» — 91, 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» бойынша — 14, 442-бабы 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» — 289 құқықбұзушылық және 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 481 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.

ТО полиция департаменті