Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өз құқықтарын қорғауды үйренуде

Түркістан облысы, 29 қараша. «Заң талабы» құқықтық қорғау орталығы Оңтүстік Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларының алдын алуда кешенді тәсіл әзірлеуде. Орталығының мамандары отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетін барлық санаттағы адамдарға: әйелдерге, жасөспірім қыздарға және кәмелетке толмағандарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, ер агрессорлармен түзету жаттығулары өткізіледі.

«Түркістан облысының ауылдық аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық — зомбылықты жою» жобасы Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясымен әріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Түркістан облысы отбасындағы зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері және жұбайының немесе туыстарының ұрып-соғуы салдарынан зорлықпен өлтіру жағдайларының саны бойынша көшбасшы болып табылады. Орталық сарапшыларының пікірінше, бұл аудандар тұрғындары отбасындағы қарым-қатынас мәселелеріне консервативті көзқараспен сипатталатын облыстардың ішінде ең көп қоныстанғандары. Қазіргі уақытта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының сот төрелігіне қол жеткізу проблемасы әлі де бар. Зорлық-зомбылықты жоюға арналған бұл жоба өмірлік қиын жағдайға тап болған ауыл әйелдерін өз құқықтарын қорғауға үйретеді.

Ұйымға 2021 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 115 әйел көмекке жүгінді. Олардың 67-і психологиялық, 48-і заңгерлік көмек алды. Тегін заңгерлік көмектің арқасында әйелдер некені бұзу, алимент өндіріп алу, мүлікті бөлу және отбасылық жанжалқойларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша сотқа талап арыздарын бере алды.

200 ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздар «Әйел құқығы – бұл адам құқығы» құқықтық мектебі аясында білім алды. Түркістан облысының 8 ауданында, атап айтқанда Арыс және Сарыағаш қалаларында, сондай-ақ Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Кельт аудандарында барлығы 9 тренинг өткізілді.

Қатысушылармен жасалған кері байланыс көрсеткендей, оқудан кейін әйелдер өз бетінше құқық қорғау және сот органдарына жүгіне алды. Құқықтық сауаттылық бойынша тренингтердің әрбір екінші қатысушысы психологиялық немесе заңгерлік көмек алу үшін ұйымға жүгінді.

Келесі бір маңызды аспект – бұл кәмелетке толмағандармен жұмыс, өйткені психологпен ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана балалар физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық фактілері туралы айта бастайды. Жоба барысында 18 кәмелетке толмаған бала психологтан кеңес алды.

Жоба аясында 30 агрессор ер адам зорлық-зомбылық мінез-құлқын түзету бойынша оқытудан өтті. Тренинг барысында олар агрессиямен күресуге және жолдастарымен ыңғайлы қарым-қатынас жасауға үйренді.

Агрессорлармен жұмыс істеу бойынша алынған нәтижелер агрессор ерлерге арналған түзету бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, команда бағдарламаны және ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылықты түзету бойынша зерттеу нәтижелерін уәкілетті органдарға таныстыруды жоспарлап отыр.

Жоба координаторы Юлия Улеева:

«Шымкентте алғаш рет біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс жүргіздік. Біз адамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын өзгертудің, шиеленіс пен агрессияны жеңілдетудің балама жолдарын табудың маңызды екенін түсіндік». Біздің міндетіміз — алынған тәжірибе мен білімді бүкіл Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын өзгерту үшін пайдалану. Бірінші қадам ретінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен жұмыс істеу тәсілін отбасылық агрессорлармен жұмыс істеудің түзету бағдарламаларын енгізу арқылы өзгерту қажет».

Жәния Хаирова, ОАЕҚ коммуникациялар жөніндегі менеджері