Түркістан облысында қылмысты ашуда сапалы қызмет еткен, ату сайысынан жүлделі орын алған полицейлер марапатталды

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов арнайы қатысты. Яғни, облыстың бас полицейі өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындап, қылмыстың ізін суытпай ашуға ықпал еткен тәртіп сақшыларын Құқық қорғау қызметі Заңына сәйкес арнайы марапаттады. Олар Түркістан ҚПБ-ның жедел басқару орталығы күшпен құралдарды басқару тобының инспекторы полиция капитаны Санжарбек Абдаев пен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Нұрболат Дарбичев. Аталған қызметкерлер Түркістан облысы Полиция департаментінің «Грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар, генерал М.Қабденов Алматы қаласы «Айтэй» полигонында өткен практикалық атудан жүлделі орын алған қызметкерлерді құттықтап, құрмет көрсетті. Сәуір айының 22-24 күндері аралығында еліміздің барлық өңірлерінен жиналған бөлініс қызметкерлері арасында атудан жарыс өткен. Аталған сайыста топ жарып, жүлделі III-орынға ие болғаны үшін ТО ПД-нің оқу жаттығу взводының аға инспекторы полиция капитаны Асылбек Ибрагимов, полиция капитаны Жәнібек Айдарбек және полиция аға лейтенанты Есімжан Қалыбаев, полиция лейтенанты Аббазхан Тілеуханов арнайы диплом, медальмен марапатталды.Өз кезегінде халық пен елге қызмет етуді өзіне азаматтық борыш санаған тәртіп сақшыларын марапаттарымен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, қызметте абырой тілейміз!

ТО ПД баспасөз қызметі