Түркістан облысында 13 миллионға жуық теңгені алаяқтық жолмен алған күдікті ер азамат ұсталды

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы Кентау қаласынан пәтер алып беретінін айтқан. Осылайша танысының 9 000 000 теңге ақшасын алып, не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай жүргенін айтқан. Осы мәселенің түйінін шешу мақсатында жәбірленуші азамат полицейлердің көмегіне жүгінеді. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.Кентау ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған жергілікті тұрғынды ұстап бөлімге жеткізді. Белгілі болғандай күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Олардың әрқайсысынан пәтер алып беремін деп алаяқтық жолмен 1 500 000 мен 2 000 000 теңге ақшаларын алып, жалпы 13 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Түркістан облысы полицейлері азаматтардан алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды. Қандай жағдайда болмасын, анық-қанығын білмей, белгісіз азаматтарға сенбеу керектігін қатаң ескертеді. Сақ болыңыз және күмәнді қызметтерді ұсынатын адамдардан оңай пайда табуға үміттенбеңіз.

ТО ПД баспасөз қызметі