Түркістан облысының кірістер департаменті қызметтің  86 пайызы электронды түрде көрсетілген

Түркістан облыстық кірістер департаменті әкімшілік кедергілерді азайту үшін және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында электронды сервистердің аясын кеңейтуде Түркістан облыстық кірістер департаменті 2022 жылдың 1 тоқсаны бойынша 414 616 мемлекеттік қызмет көрсетілді. жауаптылар электронды үкімет жүйесін қолға алған. Былтыр көрсетілген қызметтің 86 пайызы электронды түрде көрсетілген. Тек 14 пайыз ғана қағаз жүзінде жүргізіліпті.

Бұл кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге айтарлықтай көмек берді. Нәтижесінде кәсіпкерлер уақыт пен қаражатын  үнемдейді. Қазір Түркістан облысында 149 мыңға жуық  кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Көрсетілетін салықтық қызметтердің сапасын  көтеру үшін облыстың 17 ауданында ақпаратты қабылдау, өңдеу және беру орталықтары, сонымен қатар  7 кеден бекеті қызмет атқарады. Барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының  орталықтарында кеңес беру «терезесі» және салық есептілігін электронды түрде тапсыру мақсатында «өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары» орнатылған. 

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы  Жеңіс Таластың айтуынша, 2021 жылы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынанбарлығы  1 258 658қызмет салық төлеушілерге көрсетілді. Оның ішінде 708 924 қызмет немесе 56,3%  салық жүйесімен көрсетілген. Ал, 549 734немесе 43,7% кеден саласымен көрсетілді.

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында мемлекеттік бюджет жоспары 108%-ға орындалды. Жергілікті бюджеттің осы жылға арналған жоспары бойынша нақты түсім 33 млн теңгені құрап, түсімдердің өсу қарқыны 140%-ға жетті. Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру үшін облыс аумағында 17 аймақтық басқарма, кеден бекеттерінде жұмыс істейтін 7 қызмет көрсету орталықтары департамент тарапынан үнемі қатаң бақылауда. Барлық орталықтарда «Кеңес беру терезесі» бар.

 Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік кедергілерді азайту үшін және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында электронды сервистердің аясын кеңейтуде. Мәселен, азаматтар арасында «E-Salyq azamat», «E-salyq Business» мобильді қосымшалары танымал бола бастады. Өткен жылы облыстың 100 мыңнан астам тұрғыны және 583 жеке кәсіпкер мобильді қосымшалардың көмегіне жүгінген. Мобильді қолданбада онлайн брондау, артық төлемдерді басқару, салық төлемдерін қарау және төлеу мүмкіндіктері қарастырылған.

Ntime.kz