Түркістан облысының полицейлері дүкенге ұрлыққа түскен әйелді ұстады

Түркістан ҚПБ-ға қала орталығындағы сауда үйінің бірінің меңгерушісі арызданған деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, дүкеннен белгісіз біреу азық-түлік өнімдерін ұрлап, жалпы 32 000 теңгеден астам шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басын анықтады. Күдікті әйел сол сәтте көшеден ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйелдің бас шарасы қолхатта. Белгілі болғандай күдікті дүкен ішіне кіріп, өзіне қажетті заттарын алып, байқатпастан шығып кеткен.Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Сауда орындарына мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріне берік құлыптар, терезелерге темір торлар жасатыңыздар.