Түркістан облысының полицейлері жоғалған 3 бас сиырды тауып алғыс алды

Мақтаарал АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымдағы 3 бас сиырының жоғалғаны туралы арызданған. Арызданушы алғашқыда өзі іздеген. Содан еш нәтиже болмаған соң полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған сиырды іздеу жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді.Жедел шаралар нәтижесінде, бірнеше күннен кейін Мактаарал АПБ-ның полицейлері жоғалған ірі қара малдарды 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан тапты. Табылған сиыр заңды иесіне қайтарылды.»Мен 3 бас сиырымды жоғалтып, Мақтаарал ауданының полицейлерінен көмек сұрадым. Олар бірден сиырымды іздей бастады және жоғалған малды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рақмет! Сіздердің арқаларыңызда сиырым табылды»- деді ауыл тұрғыны полицейлерге.Түркістан облысының полицейлері қырағы болу және малды жайылымда қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді, өйткені сіздің малыңыз барымташылардың оңай олжасына әп-сәтте айналуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше, үй шаруашылығын сенімді қоршаумен қоршап, малды таңбалау және сырғалау қажет. Мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда өз бетінше іздеп, уақыт жоғалтпастан, дереу полицияның «102» телефонына хабарласыңыз!

ТО ПД баспасөз қызметі