Түркістан облысының полицейлері үйлерінде той жасаған 2 тұрғынды анықтады

Елімізде коронавирус індетінің көбейіп бара жатқанына байланысты Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі. Мәселен Мақтаарал ауданы Гүлістан ауылының тұрғыны карантин талаптарын өрескел бұзып, өз үйінде той-думан өткізген. Яғни 50-ге жуық адамға «Қыз ұзату» тойын жасаған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 50 адам жиналып, өткізіліп жатқан «Беташар» тойын анықтап, учаскелік полиция инспекторларымен тойға жиналған қауымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тарқатылды.Бүгінде белгіленген талапты сақтамай адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданды. Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.