Түркістан облысының самбошылары Ташкентте өтетін Азия чемпионатына аттанады

Қызылорда қаласында 16-20 наурыз аралығында самбо күресінен ҚР-ның чемпионаты өтті деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған чемпионат жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өрбіді.

Ел біріншілігінде спортшылар 10 медаль еншіледі. Атап айтқанда жасөспірім қыздар арасында +80 келіде белдескен Нұрила Асанқызы 1-орынға, 80 келіде Ұлбосын Әділова 2-орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, Ақбота Қыдырәлі 65 келі салмақта 2-орын, Шолпан Алтынбек 44 келіде 3-орын иегері атанды.

Ал, ерлер арасында топ жарған Диас Давлятов пен Мирас Бақтыбай чемпионат жеңімпаздары болды. Еркебұлан Ахатов, Рамазан Сайлаубек, Рауан Назымханов 2-орынды, Бекарыс Шағырбай 3-орынды еншіледі.

Түркістан облысы самбо күресі федерациясының вице-перезиденті Самат Рысбековтің сөзінше, жалпы командалық есепте оңтүстік өңірдің оғландары 2-орынға ие болды. Ел чемпионы атанған балуандар 4-6 маусымда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. 8-12 қазанда самбодан әлем чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-батырда өтеді.

Самбисты Туркестанской области отправятся на чемпионат Азии в Ташкент

В городе Кызылорде с 16 по 20 марта прошел чемпионат РК по самбо передает региональная служба коммуникаций Туркестанской области.

Чемпионат, организованный в канун 30-летия Независимости, организован среди юношей и девушек.

На первенстве страны спортсмены завоевали 10 медалей. В частности, среди девочек-подростков 1 место заняла Нурила Асановна, в 80 кг — Улбосын Адилова удостоилась 2 места. Также Акбота Кыдырали заняла 2 место в весе 65 кг, Шолпан Алтынбек-3 место в весе 44 кг.

Победителями чемпионата среди мужчин стали Диас Давлятов и Мирас Бактыбай.Еркебулан Ахатов, Рамазан Сайлаубек, Рауан Назымханов заняли 2 место, Бекарыс Шагырбай — 3 место.

По словам вице-президента федерации борьбы самбо Туркестанской области Самата Рысбекова, в общекомандном зачете спортсмены южного региона заняли 2 место. А борцы, ставшие чемпионами страны, получили путевки на чемпионат Азии, который пройдет 4-6 июня в столице Узбекистана Ташкенте. 8-12 октября чемпионат мира по самбо пройдет в столице Монголии Улан-Батыре.