Түркістан облысының спортшысы Джиу-Джитсудан әлем чемпионы атанды

Түркістан облысында жыл сайын спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жастардың спортпен айналысуына да мол мүмкіндіктер қарастырылған. Аудан-ауылдан шыққан өрендер ел намысын әлемдік додаларда қорғап, жетістіктерге жетіп жатыр. Атап айтсақ, Келес спорт клубының жаттықтырушысы Досбол Ережеп Латвия мемлекетінің Даугавпилс қаласында спорттың «Combat Ju-jutsu» түрінен өткен байрақты бәсекеде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Келестік спортшы бірінші жекпе-жегін Өзбекстан елінің спортшысына қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екінші жекпе-жегінде Польша елінің намысын қорғаған спортшыны тізе бүктірді. Кейін испаниялықты жеңіп, чемпионаттың финалына шықты. Байрақты бәсекенің финалында украиндық спортшыны жеңіп жеңімпаз атанып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі