Түркістан облысының Әділет департаменті 2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады

2021 жылдың 22-қазан күні Түркістан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы және 2021 жылдың 4-тоқсанына қойылатын басым міндеттер бойынша ZOOM бағдарламасы арқылы (санитарлық нормаларды сақтай отырып) онлайн-форматта алқа отырысы өткізілді. Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың төрағалығымен өткен шараға Әділет Департаментінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімдердің басшылары, ауданаралық әділет басқармалары мен сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің басшылары және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.Департамент басшысының орынбасарлары Балжан Алипбек пен Негина Клышпаева Түркістан облысы Әділет департаментінің 2021 жылдың 9 айында атқарған жұмысының қорытындысы туралы және әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы Марат Ахтанов 2021 жылдың 9 айында жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз-шағымдар мен сұрау салулар туралы баяндама жасады. Содай-ақ, департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Балжан Алипбек Қазақстан Республиксы Әділет министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 9 айда атқарылған жұмыстарына тоқталды. Ауданаралық әділет басқармалары мен сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің жұмысына баға бере отырып, жұмысты жетілдіруге бағытталған: — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспары бойынша межелі көрсетікшке қол жеткізу;- «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» және «Е-Апостиль» электрондық мемлекеттік қызметінің түсіндіру бойынша халық арасында насихат жұмыстарын жүргізу жандандыру;- Жеке және заңды тұлғалардан түскен сұрау салулар мен арыз-шағымдар Заң аясында қаралып, уақытылы жауаптар берілсін. Ал, қараусыз қалдыру туралы арыз-шағымдарда көрсетілген фактілер нақтыланғанша, бақылауға алынсын. Қайталап түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті шаралар қабылдау;- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптарын сақтау мақсатында жоспарға сәйкес жұмыстарды жандандыру туралы шешімдер қабылданды.

Түркістан облысының Әділет департаменті