Түркістан облысының әділет департаменті тәуелсіздік күнін атап өтті

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінде «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орайі салтанатты іс-шара өткізілді.Тәуелсіздік – біртұтас елдіктің, өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің нышаны. Бұл күн — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 30 жыл толды. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, іс-шараны департамент басшысы М.Тургараев ашып, барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Шара барысында «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында баяндама оқылды.Міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің медалімен, Түркістан облысының Әкімі мен Мәслихатының, Әділет департаментінің Грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Түркістан облысының Әділет департаменті