Түркістан облысының әділет департаментінің басшысы атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингін өткізді

Бүгін Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараевтың Түркістан өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен жылдың атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылғы әділет органдары саласындағы жаңашылдықтар бойынша БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті.

— «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша қазіргі таңда 162 адвокат қызмет атқаруда. Оның ішінде ҚР Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге келісілген адвокаттардың саны-117 . Заңда көзделген жағдайларға сәйкес яғни қылмыстық істер бойынша ,азаматтық , әкімшілік істер бойынша сонымен қатар құқықтық кеңестер беру бойынша облыс көлемінде 4669 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Қазіргі таңда 005 бағытында адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуін одан әрі жандандыруды, проблемалық алимент санатындағы атқару өндірістері бойынша Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен және аудандағы жеке сот орындаушылармен жұмыстарды жандандыру, әділет органдары қызметіне қатысты халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын жандандыру басым міндеттер қатарына қойылған», – деді Департамент басшысы.

Түркістан облыстық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімімен мүлік тәркілеу бойынша 112 атқару өндірісі орындалып, атқару құжаттарының орындалуы 92,5% құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 16,3 %-ға артығымен орындалған. Мемлекет пайдасына негізгі айғақты заттар ретінде автокөліктер, жанар-жағармайлар, мотокөліктер, алкоколь және темекі өнімдері, теледидарлар, компьютер және оның құрылғылары, терминал аппараттары, ұялы телефондар, қайықтар және ақша қаражаттары т.б. тәркіленіп, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің №404 Қаулысы негізінде жергілікті атқарушы органға және Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне өткізілген.

Сот актісі талаптарын орындаудан жалтарып жүрген борышкерлер бойынша 179 борышкер әкімшілік жауапкершілікке және 10 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек брифинг барысында әділет органдарындағы орын алған жеке және заңды тұлғалардың өкілдері өтініштерін электронды түрде жолдай алуы, борышкерлердің жылжымайтын мүлкінен тұрғынжайынан өндіру, Заң консультанттарының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі және зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы жаңашылдықтар жайы да айтылды.

Түркістан облысының Әділет департаменті