Түркістан облысы аумағындағы ахуал толық бақылауда

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының қала мен аудандары және өзге облыстар аумағы арасында блокпост қойылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бекеттерді аралап, тапсырмалар берді Аймақта түнгі 23.00 мен таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Елдімекендер арасында және облыстан шығатын жерлерде бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылған.Өңір басшысы осы күрделі әрі қиын кезеңде сабырлық танытып, ел болашағына жауапкершілікпен қараған өңір тұрғындарына алғысын жеткізді. Қазіргі таңда басты мәселе ел тыныштығы екенін айтты.«Түркістан облысында жағдай тұрақты. Инфрақұрылым толық жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Өңірде азық-түліктің қоры жеткілікті. Жанар-жағармай жеткізетін компаниялармен тұрақты жұмыс жүргізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты өңірде 45 бақылау-өткізу бекеті ұйымдастырылды. Оған полиция мен өңірде орналасқан күштік құрылымдардың өкілдері тартылған», — деді Ө. Шөкеев.Жалпы, Түркістан облысында жағдай тұрақты. Ел азаматтары, зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен белсенді жастары ел тыныштығын сақтау бағытында бірлесе жұмыс атқарып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі