Түркістан — татулық тұғыры!

Түркістан облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV- сессиясы өтті. Сессия жұмысын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Д.Тәжібаев жүргізіп отырды.

Ассамблея — елімізде бірлікті нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Оның мақсаты— қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан этностарының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету.

Біз, Қазақстан халқы, бірліктің, бейбітшіліктің қадірін жақсы түсінеміз. Әсіресе, бұл құндылықты басынан қиын кезеңді кешіріп, қазақ жерінде пана тапқан түрлі этнос өкілдері қатты қастерлейді. Осыны жақсы түсінген біртұтас халқымыз бірге бейбіт өмір сүріп жатыр.

ҚХА- ның ұсынысы бойынша Президент тағайындаған 5 сенат депутатының бірі Сатвалдиев Алишер Гапиржанович сессияда сөйлеген сөзін: «Еліміздегі береке-бірлікті бағалай білейік!», — деп түйіндеді.

Сессияда қазақ тіліне басымдық берілуі керектігі, қазақ халқының  мемлекет құраушы  ұлт ретінде рөлін нақтылап, біртұтас, халықшыл қоғам негізін нығайту қажеттілігі жөнінде де айтылды.

Ия, бірлік—тұрақтылықтың, ал тұрақтылық—ел дамуының негізгі кепілі!

Акимбекова Қалықыз Келес аудандық Аналар кеңесінің мүшесі.