Түркістан қаласында «Сергек» бейнебақылау камерасы іске қосылды

Ағымдағы жылдың ақпан айының 24-і күні өткен брифингте Түркістан қаласына 30 жылдамдық өлшегіш пен 26 көше қиылысына орнатылған «Сергек» жылдамдық өлшегіш құрылғыларының іске қосылатыны айтылған еді. болатын. Аталған бейнебақылау камераларының бүгіннен бастап іске қосылғанын хабарлаймыз. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Тауке-хан, Саттарханов даңғылдарымен, Қызылорда тас жолы «Газпром» АЗС тұсында, Кентау тас жолы, Атабай тас жолы, Балтакөл тас жолы, Шымкент тас жолдарында. Сондай-ақ Жібек Жолы, С.Ерубаев, Б.Майлин, Майкотов, Самара М32 Шымкент, С.Қожанов, Қарадауов, Мега орталығы тұсында, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О.Жандосов, Тәуелсіздік 10 жылдық, Бірлік, ШектіТілеу, Әль-фараби, Сандыбай көшелері қиылыстарындағы бейнебақылау камералары жұмыс істемек. Ендігі кезекте, көлігіңіздің жарығы жағылмаса, қауіпсіздік белдігі тағылмаса, жылдамдықты асырсаңыз қандай да бір жол қозғалысы ережесі бұзылса, мұның барлығы бейнебақылау камераларының назарынан тыс қалмайды. Осыған тұста Түркістан облысының плиция қызметкерлері әрбір жүргізушіге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар деп ескертеді.

ТО ПД баспасөз қызметі