Тұран ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Тұран ауданының әкімін тағайындау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары аталған лауазымға Берік Айдарұлы Әшірбековтің кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

Берік Айдарұлы Әшірбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туған.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау және құқықтану.

Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастр бюросының технигі, жерге орналастырушысы болып бастаған.

10.02.2006-20.07.2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастры филиалының директорының міндетін атқарушы.

20.07.2006-20.05.2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастры филиалының инженер жерге орналастырушысы.

02.06.2008-05.01.2009 жылдары Астана қаласының ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйе орталығы бөлімінің маманы.

05.01.2009-01.02.2010 жылдары Астана қаласының жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы жер кадастры бөлімінің маманы.

01.02.2010-20.06.2011 жылдары Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры орталығы директорының көмекшісі.

20.06.2011-10.04.2012 жылдары Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры орталығының өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу бөлімінің бастығы.

11.04.2012-08.10.2012 жылдары Петропавл қалалық «Жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығының» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.

08.10.2012-22.08.2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық «Жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры орынбасарының міндетін атқарушы.

23.08.2013-30.09.2013 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің нұсқаушысы.

01.10.2013-28.12.2013 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы.

28.12.2013-31.12.2013 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторының меңгерушісі.

31.12.2013-05.04.2016 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары.

05.04.2016-26.01.2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі.

27.01.2017-13.11.2018 жылдары Алматы қаласында «Алматы тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.

4.11.2018-18.02.2019 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы.

18.02.2019-30.10.2019 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары.

30.10.2019-29.07.2020 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы.

29.07.2020-02.11.2020 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

02.11.2020-16.03.2021 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

01.02.2023-19.07.2023 жылдары «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы.

19.07.2023-04.08.2023 жылдары «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы.

07.08.2023-27.10.2023 жылдары Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Биылғы жылдың 27-қазанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі