Тұрғындар тіршілік нәрін тәулік бойы тұтына алатын күн жетті

Саурандықтар үшін жағымды жаңалық. Енді тұрғындар тіршілік нәрін тәулік бойы тұтына алатын күн жетті. Игі іске ұйытқы болған  «AMANAT» партиясы. Партияның 2021- 2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында Сауран ауданына бекітілген жол картасы бойынша ағымдағы жылы Аша елді мекеніне ұңғыма қазып, елді мекенді 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Бүгінгі күнде Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Аша елді мекенінде жаңадан су қоймасы және 2 дана ұңғыма қазылды.

         Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бас жобалаушы мекеме “ПСИ Каз Нур” ЖШС, ал техникалық қадағалаушы “SK Best Stroy KZ” ЖШС-ы болып табылады. Нысанның жалпы құны – 628 203,0 мың теңгені құрайды. 2022 жылға дейін 350 000,0 мың теңге бөлініп, құрылысты аяқтауға 2022 жылға – 203 000,0 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда нысан бойынша атқарылған жұмыстар 1 га құрылыс аумағына 1-ші және 2-ші көтерілетін насос станциясы салынды.

         Қазірде сыйымдылығы 200 м3 2 дана су қоймасы, тереңдігі 670 м, 2 дана су ұңғымасы салынып, ауыз су тазалайтын бактерицидтік құрылғы қондырылды. Сонымен қатар, ауыз су құбырларының жалпы ұзындығы – 22270 м құраса, оның ішінде &-110х6,6мм-21728 м, &-63х3,8мм – 542м, &-20х2,0мм – 13753м болады. Жалпы нысан бойынша 1590 адам ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде және тамыз айларында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып жатыр.

Ntime.kz