Төтенше жағдайлар басқармасы түсіндірме жұмыстарын өткізді

Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және мамандандырылған жасақтың қызметкерлері бірлесіп кезекті түсіндірме жұмыстарын өткізді. Наурыз мерекесінде тұрғындарға тұрмыстағы қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар Ақжар елді мекені, Ынтымақ, Ақжайық, Жасылкөл көшелерінің тұрғындарын арасында жүргізіліп, улы және табиғи газдан уланудың алдын алу, су басу кезіндегі сақтық шаралары туралы тақырыптар қамтылды.

Абай ауданы ТЖ басқармасы