Т.Рысқұлов ауданында «діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» атты аудандық конференция өтті

Ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданында дін саласында атқарылған жұмыстар аз емес. Соның бірі бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің және аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Діни тұрақтылық – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында конференция өтті.Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев ашып, қатысушыларды конференция жұмысының мақсат-міндетімен таныстырды.Конференция негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты деструктивті ағымның ықпалынан сақтандыру, оларға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тәжірибе алмасу, «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, діни мәселелерді шешуде жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну, ұлтаралық, конфессияаралық диалогты нығайту болып табылады.Конференция аудандық дін саласында жұмыс жасайтын мамандар, теологтар, имамдар, аудандық ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, ауылдардағы дінге жауапты мамандардың, мектептердің тәрбие ісінің меңгерушілері, психологтары, «Дінтану негіздері» пәні мұғалімдері қатысуымен өтті.Конференцияда Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Сәрсенбаев Арман Әділұлы және белгілі дінтанушы, Республикалық түсіндіру тобының мүшесі Ахметов Ғазиз Нұртайұлы баяндама жасады.Сондай-ақ «Қазақ халқының дүниетанымындағы дін мен дәстүр сабақтастығы тұрғысында» тақырыбында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Баярисов Режеп Оразбайұлы баяндама жасап, дін мен дәстүрдің ара-жігін ашып түсіндірсе, «һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, дінтанушы-теолог Ержан Аманбаев ағымдағы жылы Т.Рысқұлов ауданыныда дін саласында жүргізілген түсіндіру жұмыстарына тоқталып өтті.Күн тәртібіне сәйкес, конференция соңында жарыс сөз ұйымдастырылып, онда аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Секербаев Рысқұлбек және аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Өтегенов Серік Асанбайұлы өз ойларын білдіріп, жастардың діни сауаттылығын арттыру жолында бірігіп іс-әрекет етуге шақырды.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі